Archive for Uncategorized

Қазақша пернетақта

Бүгінгі күндегі қазақша пернетақта туралы ойландыңыз ба?

Қазір қолданып отырған қазақша пернетақтамыз, орыс тілінің пернетақтасының нұсқасына негізделіп жасалған. Пернетақта қазақ тіліне тиесілі, бірақ ең қажетті қазақтың төл әріптері жоғарғы символдар қатарынан орын алып, әріптер қатарынан шығып қалған. Кезінде А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының қазақ әліпбиін құрастыру кезінде, орыстандыру саясатының ықпалымен қазақ әлеміне еніп кеткен жат әріптер, пернетақтада өздеріне лайықты емес орын алып тұр. Тіпті, бұл әріптер қазақша сөздерге қолданылмайды да. (Қосымша, татар, беларус, украин пернетақталарына назар аударуларыңызды сұраймын). Себеі, кезекті: «Ц, Щ, Х , Ъ, Ф, В, Э, Я, Ч, Ь, Ю» тырнақшаға алынған осы әріптің 9-ының орнын Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ төл әріптерімізбен алмастырғанымыз дұрыс болар. Пернетақта қазақ тілінікі, қазақтың төл әріптері символдар қатаріна кіріп, әріп санатынан шығып, бүгінгідей кедергілерге ұшырамауы керек. Жоғарыдағы 11 әріп онсызда әріптің қасиетін жоғалтпайды, ол әріптерді қазақ пернетақтасы қолдамағанымен, толып жатқан басқа кирилл әріптерінде жазатын тілдер қолдай береді. Қазақтың төл әріптерін, тек қазақ тілі ғана қолдай алады. Жаңа пернетақтаға үйрене алмай қаламын деп қарсы шықпауларыңызды сұраймын, басты проблема ол емес, басты проблема – қазақ тілінің кедергілерге ұшырамай, әріптерінің дербес тілдік қасиетін қаыптастыруда. Жан-жақты пікірлеріңізді асыға күтемін.

Advertisements

Comments (2)

Қош келдіңіз!!!

Сәлеметсіз бе?! Блогыма қош келдіңіз! Әзірге блогым белсенді емес… Уақытым жетпей жүр қарайласуға, алдағы уақытта қатарларыңызға қосылармын!!!

Comments (6)

WordPress қазақшалансын!

Асхаттың блогынан көшіріп басудамын. Егер Уордпресс.ком қазақшалансын десеңіз өз үлесіңізді қосыңыз.

Аударманы мына жерден бастай беруіңізге болады.

Comments (5)

Hello world!

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!

Comments (1)